Кеше кешкісін Алматыда бір топ адам Тәуелсіздік монументі алдына жиналып, Желтоқсан, Жаңаөзен мен Қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алды. Қала тұрғыны Аружан Абуованың айтуынша, жиналғандар құрбандарды аза тұту мақсатында шам жағып, гүл шоқтарын қойған.
Аружанның сөзінше, бұл сәтте бірнеше полиция қызметкері оларды сырттай бақылап, суретке түсіріп тұрғанын байқаған. Бес минутқа созылған шарадан соң, жастар монумент маңынан кетіп бара жатқанда полиция қызметкерлері оларды тоқтатқан.
16 желтоқсан қарсаңында елде полиция күшейтілген режимге көшті. Қазақстанның бірнеше аймағында белсенділер түрлі бап бойынша ұсталып, 5-тен 20 күнге дейін қамауға алынғаны белгілі болды.
Толығырақ: сілтемеге өтіп видеоны қараңыз.