ҰҚК Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтар табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр комитет прокуратура органдарымен бірлесіп, арнайы іс шаралар жүргізген. Олар Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды іздеп, заңсыз айналымнан шығару бойынша жұмыс жасаған.
Нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылды. Осылайша 58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, заңсыз қару-жарақ айналымына қарсы күрес әлі де жалғасын тауып жатыр.