Шымкенттік ер адам туған анасын өлтіріп, үйін өртеді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Кеше түнгі уақытта жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар тараған. Оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесі табылған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс отбасы ішіндегі жанжалдың салдарынан жасалған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құзырлы органдар аталмыш дерекке байланысты «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады.