Жүк көлігіне тиелген әскери техника құлап, жол апаты болды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
“ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, оқиға Алматы-Өскемен тас жолында болған. Цзефан көлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан түсіп келе жатқанда тралдан екі әскери техниканы түсіріп алған.
«Салдарынан техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан Ssang Yong Actyon көлігімен соқтығысты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», — деп жазылған хабарламада.