Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған тұлғалар анықталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Аталмыш заң бұзушылық дерегін Жаңақала ауданының прокуратурасы талдау аясында анықтаған. Белгілі болғандай, былтыр қаңтар-шілде айларында «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорыны 28 қызметкерге 3 миллионнан астам зейнетақы жарналарын төлемеген.
Жауапты кінәлі тұлғаларға қарызды өтеу шараларын қабылдау туралы прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорыны ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 91-бабының 6-бөлігінің 5-тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы)).
Қарыз толығымен өтелді.