«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Қайғылы оқиға «Анненск» шахтасында болған.
«Қазақмыстың» хабарлауынша, қызмет барысында 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы маман қаза тапқан.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылған.
Компания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жерлеу шығындары мен ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.