Қырғыстанда мектеп оқушылары көшедегі қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбиді тауып алды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Шақалақты Интергельпо көшесіне кім тастап кеткені әзірге белгісіз.
Аталған дерек бойынша тергеу қызметі қылмыстық іс қозғаған. Полиция қызметкерлері нәрестенің анасының кім екенін іздеп жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қалалық балалар клиникалық жедел жәрдем ауруханасына бір қыз жеткізілген.
Бөлімше баланың шала туылғанын және жағдайы өте ауыр екенін атап өтті.
“Бала қазір жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты-ауыр деп бағалануда. Бала ем қабылдап жатыр”, — деді Қырғыстан денсулық сақтау министірлігі.