Атырауда мектепке жарылыс жасаймыз деп қорқытқан, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Атырауда №3 мектептің тарих пәнінің мұғаліміне 6 ақпан күні сағат 11:30-да белгісіз адамдар 80 млн теңге аударуды талап еткен хабарлама жіберген. Егер ақша аударылмаса, мектепте сағат 14:00-де жарылыс болатынын ескерткен.
Мұғалім бірден полицияға хабар берді. Оқиға орнына құқық қорғау органдары жетіп, қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жарылыс қаупі расталмады.
«Жағдай білім басқармасы мен полицияның бақылауында. Оқу үдерісі қалыпты режимде жалғасып жатыр», – деп хабарлады тиісті мекемелер.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.