2018 жылы Қазақстанды дүр сілкіндірген ауыр қылмыс орын алған еді, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны ғылыми конференциядан үйіне қайтып бара жатқанда, пойыздың купесінде жыныстық зорлыққа ұшырады. Оны «Тальго» пойызының жолсеріктері – Жетес Өмбетаев пен Қолқанат Құрманиязов зорлады.
Арадан жеті жылға жуық уақыт өткен соң ғана «Жолаушылар тасымалы» компаниясы жәбірленушіге 3 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Астана қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты істі қарады.
Еске сала кетейік, Жетес Өмбетаев пен Қолқанат Құрманиязов алғашында екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Судья олардың бұл қылмысты алдын ала келісімсіз жасағанын алға тартты.
Жәбірленуші сот үкімінің тым жеңіл екенін айтып, жаза мерзімін қатаңдатуды талап етті. Осыдан кейін апелляциялық сот бірінші инстанцияның шешімін өзгертіп, жолсеріктерді бес жылға соттады. Өткен жылдың маусым айында олардың бостандыққа шыққаны белгілі болды.
Дереккөз: @ztb_qaz