Көкшетауда вейп сатқан тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Көкшетауда вейптерді сатумен айналысқан азаматшаға сот үкімі шықты.
Құқық қорғау саласының өкілдері Көкшетау қаласының тұрғыны электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатуға тыйым салынғанына қарамастан, оларды сатқанын анықтады.
Сот үкімімен азаматша Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енді.