• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 31 мая, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Бүтін бір Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы анадан 22 000 теңгені қайтарып алуға тырысқан

Бүтін бір Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы анадан 22 000 теңгені қайтарып алуға тырысқан

13.02.2025
айдар: Қоғам, Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
26
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қостанай облысында сот көпбалалы әйелдің құқығын қорғап қалды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пікірінше, 22 мың теңге артық төленген мемлекеттік жәрдемақы ретінде қайтарылуы тиіс болған.

Іс бойынша жауапкер – төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, көпбалалы отбасының әлеуметтік жәрдемақы алушысы. Оның балаларының қатарында 2006 жылы туған ұлы да бар.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың наурыз айында министрлік жауапкердің баласының колледжде академиялық демалыс алғанын анықтаған. Себебі – оның мерзімді әскери қызметке шақырылуы.

«Жауапкер талапты толық мойындап, жәрдемақы 2024 жылғы 5 наурызға дейін төленгенін, ал ұлы 29 наурызда әскерге шақырылғанын және осыған байланысты оқу орнында академиялық демалыс ресімделгенін көрсетті. Сондай-ақ, ол алған жәрдемақыны балаларды асырау мақсатында пайдаланғанын айтты», – деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде сот көпбалалы отбасынан артық төленген жәрдемақыны өндіріп алу туралы министрліктің талабын қанағаттандырудан бас тартты. Соттың пікірінше, «жауапкер талапкерден адал түрде алған 22 000 теңге оның отбасы үшін күнкөріс көзі болған және отбасылық қажеттіліктерге жұмсалғандықтан қайтаруға жатпайды». 

Айта кету керек, министрлік аудандық сот шешімімен келіспей, Қостанай облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген. Алайда, облыстық сот та министрліктің шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Дереккөз: RATEL.KZ

Tags: Еңбек министрлігікөпбалалы анаҚостанай
Алдыңғы пост

Павлодарлық пансионатта мүгедектігі бар қарттарды ұрып-соққандар анықталды ВИДЕО

Келесі пост

Павлодар облысында бірнеше мектепке «бомба қойылғаны» туралы ақпарат тарады

Келесі пост
Павлодар облысында бірнеше мектепке «бомба қойылғаны» туралы ақпарат тарады

Павлодар облысында бірнеше мектепке «бомба қойылғаны» туралы ақпарат тарады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • 2026 жылдан бастап барлық жолдар ақылы болады
  • Қазақ тазысына қатысты патент жарамсыз деп танылды
  • Құлсарыдағы жарылыстан кезекшілікте болған ерлі-зайыптылар қаза тапты
  • Джеки Чан каратэден қара белбеу иегері атанды
  • Атыраулық әйел енесін өлтірді деген күдікке ілінді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

2026 жылдан бастап барлық жолдар ақылы болады

Қазақ тазысына қатысты патент жарамсыз деп танылды

Құлсарыдағы жарылыстан кезекшілікте болған ерлі-зайыптылар қаза тапты

Джеки Чан каратэден қара белбеу иегері атанды

Атыраулық әйел енесін өлтірді деген күдікке ілінді

«Бұрынғы сүйіктім министр болған»: Танымал трансгендер Никонет жеке өмірі жайлы айтты

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі