«Қазақмыс» шахтасында қаза тапқан 7 кеншінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
- Қайрат Ақшалов, 49 жас, сорғы қондырғысының машинисі, артында 4 баласы қалды;
- Ардақ Жакубаев, 26 жас, тау-кен шебері, артында 1 ұлы қалды;
- Бақытбек Жұмадуллаев, 49 жас, кенші, артында 1 ұлы қалды;
- Орынбек Кенжебеков, 33 жас, тиеу-жеткізу машинасының операторы, артында 2 баласы қалды;
- Ғалымжан Молдабеков, 46 жас, бұрғылаушы көмекшісі, артында 4 баласы қалды;
- Олжас Нурулдаев, 45 жас, энергетик, артында 5 баласы қалды;
- Константин Рожков, 32 жас, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі, артында 1 қызы қалды.