Петропавл қаласындағы Жуков көшесінде орналасқан кәріз коллекторында газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан апаттық бригаданың бес қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«19 ақпан күні кешке Петропавл қаласындағы Жуков көшесіндегі үйдің ауласында орналасқан кәріз коллекторында ескі құбырды бөлшектеу барысында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды. Нәтижесінде апаттық бригаданың бес жұмысшысы зардап шекті», – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: КазТАГ