• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 2 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
«Мені мүгедек қылды, бірақ әлі ешкім жазаланған жоқ»: Алматылық әйел полицияның әрекетсіздігіне шағымданды

«Мені мүгедек қылды, бірақ әлі ешкім жазаланған жоқ»: Алматылық әйел полицияның әрекетсіздігіне шағымданды

21.02.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
47
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

«Мені мүгедек қылды, бірақ әлі ешкім жазаланған жоқ» деген алматылық әйел полицияның әрекетсіздігіне шағымданды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Алматы тұрғыны Ақжарқын ZTB NEWS-ке өзінің және сіңлісінің қатігездікпен соққыға жығылғаннан кейін полицияның әрекетсіз отырғанын айтты. Оның айтуынша, шабуыл жасағандар құқық қорғау органдарымен байланысы бар.

Оқиға 2024 жылдың 13 тамызына қараған түні Шұғыла ықшам ауданында болған. Ақжарқын кішкентай баласымен үйде болған кезде сыртта шулап жүрген топтан тыныштықты бұзбауды бірнеше рет сұраған. Алайда олар мән бермеген. Кейін олар фейерверк атып, баланы шошытқан.

«Мен полицияға 13-14 рет қоңырау шалуға тырыстым, бірақ ешкім жауап бермеді», – дейді Ақжарқын.

Содан соң сіңлісімен бірге далаға шыққан кезде топтың сыра ішіп отырғанын көрген. Сіңлісі олардың әрекетін видеоға түсіре бастағанда, топтағы бір әйел ашуланып, телефонын ұрып түсіріп, оған шабуыл жасаған. Артынан төбелес басталып кеткен.

«Менің шашымнан сүйреп, бетімнен ұрды, тепті, тістеді. Ақырында есімді жоғалттым», – дейді Ақжарқын.

Оның айтуынша, шабуылға бір ер адам да қатысқан – ол әйелдердің бірінің күйеуі екен.

Жәбірленуші басынан қатты соққы алып, бас миының шайқалуын, көз ұясының төменгі сүйегінің сынуын және көздің сетчаткасының жарылуын алған. Оған екі рет ота жасалып, көз аймағына титан тор орнатылған. Алайда ауру басылмаған, көру қабілеті нашарлап, көз алмасы төмен түсіп кеткен.

Ақжарқынның айтуынша, шабуылдаған әйелдердің күйеулері құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Әйелдердің бірі – мұғалім, екіншісі – жұмыссыз. Ал ер адамдардың бірінің әкесі бұрын Қордай ауданының әкімі болған.

«Аудандық полиция бөлімі қызметкерлері маған қысым көрсетіп, арызымды қайтарып алуға көндіруге тырысты», – дейді Ақжарқын.

Желтоқсан айында іс жабылған. Бірақ Ақжарқын әділдікке жетуге талпынып жүр.

Tags: қылмысПолиция
Алдыңғы пост

Қазақстандағы еңбек мигранттарының басым бөлігі – Қытай, Түркия және Үндістан азаматтары

Келесі пост

Димаш Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады

Келесі пост
Димаш Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады

Димаш Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Нәтиже жоқ па, қызметінен кетсін»: Депутат әкімдерге 2 ай сынақ мерзімін беруді ұсынды
  • Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жасар баланы қағып кетті
  • 18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен
  • Білім саласындағы «үлкен олжа»: Мектеп бухгалтерлерінің қылмыстық тобы 4,5 миллиард теңгені қалай жымқырды
  • Қапшағай демалыс орнында баланы ток соғып, қайтыс болды

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Нәтиже жоқ па, қызметінен кетсін»: Депутат әкімдерге 2 ай сынақ мерзімін беруді ұсынды

Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жасар баланы қағып кетті

18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен

Білім саласындағы «үлкен олжа»: Мектеп бухгалтерлерінің қылмыстық тобы 4,5 миллиард теңгені қалай жымқырды

Қапшағай демалыс орнында баланы ток соғып, қайтыс болды

2026 жылдан бастап барлық жолдар ақылы болады

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі