2025 жылғы 6 наурызда полиция мен «Охотзоопром» инспекторларының рейді барысында қашуға тырысқан қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Олардың көлігін тексеру кезінде 39 киік табылды. Сондай-ақ, ұсталғандардың бірінің үйін тінту барысында қосымша 84 киік пен тері тәркіленді.
Бұл іс бойынша тағы үш жергілікті тұрғын қамауға алынды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Ұсталғандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз: @egovpress