• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Полиция 800 мың теңге бопсалаған үш қызды ұстады

Полиция 800 мың теңге бопсалаған үш қызды ұстады

18.03.2025
айдар: Қоғам, Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
19
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Жетісуда бопсалаушы қыздар тобы ұсталды, — деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 6 наурызда Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 800 мың теңге көлемінде ақша бопсалау фактісі бойынша күдікті үш әйел адамды ұстады.

Полиция анықтағандай, ақпан айында Б. есімді азамат «Друг Вокруг» мобильді қосымшасы арқылы А. есімді қызбен танысқан. Хат алмасу барысында А. оны өз үйіне қонаққа шақырған. Алайда ол көрсетілген мекенжайға келгенде, пәтерде тағы екі бейтаныс қыз болған. Біраз уақыттан кейін олардың бірі оған басқа бөлмеге барып оңашалану туралы ұсыныс жасаған. Ер адам мен қыздардың бірі бөлмеге кіріп, шешіне бастаған кезде, кенеттен екі қыз ішке баса-көктеп кіріп, айқайлап, оны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптаған.

Алаяқтар ер адамға екі таңдау жасатқан. Оларға 800 мың теңге береді немесе олар полицияға арыз жазады. Кепілдік ретінде оның жеке куәлігін, техникалық паспортын және жүргізуші куәлігін алып, толық соманы алғаннан кейін құжаттарын қайтаратынын айтқан.

Күдіктілердің қысымынан сескенген ер адам екі рет 50 мың теңгеден беріп үлгерген. Алайда 30 мың теңгені беру кезінде күдікті әйел адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталған.

Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар басқа да адамдардың бар-жоғын тексереді.

Tags: бопсалауПолиция
Алдыңғы пост

22 жастағы алматылық жігіт 12 жасар қызға порнографиялық суреттер жіберген

Келесі пост

Шымкент психиатриялық ауруханасындағы жан түршігерлік қылмыстар: әділдік үшін күрес

Келесі пост
Шымкент психиатриялық ауруханасындағы жан түршігерлік қылмыстар: әділдік үшін күрес

Шымкент психиатриялық ауруханасындағы жан түршігерлік қылмыстар: әділдік үшін күрес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі