Деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткі таратумен айналысқан, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлім етті.
Ер адамның қонақ үйлердің бірінде жұмыс істегені және сол жерде де тыйым салынған заттарды таратқаны анықталды.
Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған.
Дереккөз: @sputnik_aitady