Дәрі ішкені үшін сержанттан соққы жеп, комаға түскен Нұржігіт Әбділпаттаның ісіне қатысты сот отырысы қайтадан басынан басталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Бұған дейін қылмыстық істі қараған судья отставкаға кеткен.
Бір жыл қаралған қылмыстық істі қайта қарауға не себеп болғанын тілшіміз біліп қайтты.
Сотта айыпталушының адвокаттары жасалып жатқан сот-медициналық сараптамасына шағым келтірді.
Айыпталушы сержант та таққан айыпты мойындамады.
Бұған дейінгі сот отырыстарында да кінәсінің жоқтығын айтқан.
Дереккөз: @sputnik_aitady