Ақмола облысында ауыл әлемнен оқшауланып қалды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Астрахан ауданына қарасты Ескі Қолутон ауылы Қолутон өзенінің тасуынан кейін көлік қатынасынан ажырап қалды.
Соңғы тәулікте құтқарушылар моторлы қайықтармен ауылдан 21 адамды, оның ішінде жүкті әйелдерді де эвакуациялады.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері жағалауды бекіту үшін 1000-нан астам қап инертті материал төсеп, 300 текше метр суды сорып шығарды. Сондай-ақ 21 сиыр мен 100-ге жуық қой қауіпсіз жерге айдалды.
Құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, жағдай бақылауда, – деп хабарлады ТЖМ өкілдері.
Ақмола облысында су тасқыны тек ауылдарды ғана емес, қалаларды да қамтып жатыр. Солардың бірі – Макинск қаласы, ол да су астында қалып жатыр.
Дереккөз: «Орда»