Қазақстан Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су алады, деп хабарлайды kaztoday.kz.
2025 жылдың суару кезеңінде Қазақстан Сырдария өзенінен шамамен 3,7 млрд текше метр су алады. Бұл туралы Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы әріптестерімен су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келісті, деп хабарлайды ведомство.
Суару кезеңінде Қазақстан мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы 909 миллион текше метр су алады. Солтүстік Арал теңізіне 975 миллион текше метр су жіберу жоспарлануда.
«Қазір тасқын суды көлдер мен өзендерге бағыттап, су қоймаларына жинап жатырмыз. Бірақ оңтүстік өңірлерге келгенде су дипломатиясы маңызды. Шананы жазда дайындау керек, немесе, керісінше, биылғы жылдың жазғы суару кезеңіне біз өткен жылдан бері келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы суды тиімді бөлу, суды үнемдейтін технологияларды енгізу және көршілес елдермен дер кезінде келіссөздер жүргізіп, шаруа қожалықтарының суармалы суға деген сұранысын қамтамасыз ете алдық», – деді Қазақстан Республикасының Су ресурстары және су шаруашылығы министрі Нұржан Нұржігітов.
Өткен жылдың қазанынан биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберген.
Дереккөз: «Орда»