Депутат Берік Бейсенғалиев ажырасу үшін мемлекеттік бажды 20 АЕК-ге дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Шенеуніктің сөзінше, бұл әдіс отбасын сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.
Бажды көтеру ұсынысы — бюджетті толықтыру мақсатында емес. Мұны ұсынған депутаттардың пікірінше, адамдар ажырасудан бұрын ойлануы, эмоциямен шешім қабылдамауы үшін аз да болса мүмкіндік береді. 1000 теңге төлегеннен гөрі, 20–30 есе көп төлеу… Бұл жедел шешімдердің азаюына ықпал етеді деген пікір бар. Мүмкін, бұл, әсіресе жас отбасыларда саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді, — деді депутат.
Сонымен қатар, Б.Бейсенғалиев мемлекеттік бажды одан да жоғары болуы керек деп санайды:
Мен жеке өзім 20 емес, 200 ұсынар едім, деді ол өз сөзінде.
Дегенмен, бұл революциялық ұсыныс жаңа Салық кодексінің жобасына әзірге енген жоқ.