Қосшыда шағын автобус аялдамаға соғылып, 7 бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Ол балаларды балабақшаға апара жатқан.
Жол апаты «Лесная поляна» тұрғын үй алабында болған.
Алдын ала анықталғандай, «Ивеко» қоғамдық көлігі балаларды балабақшаға таситын «Toyota» шағын автобусымен соқтығысқан. Артынша «Toyota» автобусы аялдамаға соғылған.
Микроавтобуста 10 бала болған. Оның 7-еуі Астанадағы ауруханаға жеткізілді. 1 бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.