СПИД орталығының бұрынғы бас дәрігері 100 миллион теңге ұрлағаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Таразда облыстық СПИД-пен күрес және алдын алу орталығының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сот ісі басталды. Тергеу органдары Айбек Исаев өзінің лауазымын асыра пайдаланып, бюджеттен миллиондаған теңге жымқырған деп санайды.
Айбек Исаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды. Экс-бас дәрігерге қатысты іс Антикордың жоспардан тыс тексеруі нәтижесінде қозғалған. Тергеу Исаевтың сапасыз дәрі-дәрмектерді қабылдағанын анықтады. Мысалы, СПИД орталығында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қолданылған.
Одан бөлек, орталық жеткізушілерден жарамдылық мерзімі аз қалған бұйымдарды сатып алып, ақша үнемдеуге тырысқан. Осы жағдайлардың бәрі үшін жауапты болған бас дәрігер Айбек Исаев 100 миллион теңгені қолды қылған.