Екібастұзда директорға қарақшылар шабуыл жасаған, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасалды. Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер қолға түскен. Олар пәтерге заңсыз кіріп, құны 11 миллион теңгеден асатын мүлікті ұрлағаны анықталып отыр.
Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, — деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.