• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 19 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

11.04.2025
айдар: Қоғам, Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
30
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Алматы қаласында «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Бұл туралы құқықтық кеңесші Нұрсұлтан Орынбековқа сілтеме жасаған Kazinform мемлекеттік агенттігі хабарлады.

«Ілияс Сариев алаяқтық әрекеттері бойынша күдікке ілініп, ұсталды деген ақпарат бар. Оған бірнеше азаматтан арыз түскен. Қазір сол арыздарға байланысты ұсталғаны белгілі», – деп жазды Орынбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Өткен жылы «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты да қылмыстық іс қозғалған болатын. Ол 3,5 млрд теңгені құрайтын алаяқтық пен қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша айыпталып отыр. Тергеу мәліметі бойынша, ол 2021 жылдан 2024 жылға дейін балаларға, Палестинадағы қақтығыстардан зардап шеккендерге және су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жинап, бірақ бұл қаражатты өзінің жеке шоттарына аударып, көлік, жылжымайтын мүлік және қымбат бұйымдар сатып алуға жұмсаған.

Ілияс Сариев әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзін «қазақ Робин Гуды» деп атап, тойлар мен концерттер ұйымдастырушы екенін көрсеткен. Instagram желісінде оның 600 мыңнан астам жазылушысы бар.

«Елге көмек» қорының парақшасына да 400 мыңға жуық адам жазылған. Қор балалар мен қарт адамдарға көмек көрсету үшін қаражат жинаумен айналысқан. Алайда қордың ресми тіркеуден өткен-өтпегені белгісіз. Заңды тұлғалар тізілімінен бұл қор табылған жоқ.

Tags: АлаяқтықКүдікті
Алдыңғы пост

«Біз татуластық»: Курьер Magnum-дағы жұмысына оралды

Келесі пост

Теолог: “Екінші әйел алған дұрыс”

Келесі пост
Теолог: “Екінші әйел алған дұрыс”

Теолог: “Екінші әйел алған дұрыс”

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?
  • Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді
  • Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  • Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
  • Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді

Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

«Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі