Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын мәлімдеді.
Жүк көлігі «ВАЗ» маркалы автобусты сүйретіп келе жатқан.
Қозғалыс кезінде камаз бен автобусты байланыстырып тұрған ілмек үзіліп, қоғамдық көлік жол шетіне шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Салдарынан 35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
Видео: youralmaty
Дереккөз: @sputnik_aitady