БҚО-да сотталушы түрме ауласында жалаңаш жүріп жұмыс істеген, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Әлеуметтік желіде сотталған азаматтың түрме ауласында жалаңаш жүріп, қоғамдық жұмыстарды істеп жатқан бейнежазбасы тарады.
Бұл жөнінде қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пікір білдірді.
— Сотталған азамат мекеме аумағын абаттандыру және күтіп ұстауға арналған екі сағаттық міндетті жұмысқа келіспейтінін білдіру үшін қарсылық ретінде киімін шешіп тастаған, – деп хабарлады департамент.
Сондай–ақ, ҚАЖК аталмыш жағдайға байланысты қызметтік тексеру тағайындалып, тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады.