Қарағандыда белгісіз біреулер қол-аяғы жоқ ер адамды қайыр сұратуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қарағандыда сот сұмдық іс бойынша үкім шығарды.
Төрт адам бірнеше жыл бойы қолы мен аяғы жоқ ер адамды қайыр сұратуға мәжбүрлеген. Оны күн сайын аялдамаға апарып тастап отырған, ал күн сайын жиналатын 40 мың теңгеге дейінгі ақша «қожайынға» беріліп отырған. Кейін бұл ер адам мен оның жанындағы серіктесі бала сүйген. Нәрестені тартып алып, ата-анасына: «Жұмыс істемесеңдер, қызыңды көрмейсіңдер» деп қорқытып-үркіткен. Тіпті тергеу изоляторында отырса да, «қожайын» сыбайластары арқылы қылмыстық схеманы басқара берген.
Нәтижесінде сот үкімімен басты ұйымдастырушы 17 жылға, қалғандары 12 жылдан бас бостандығынан айырылды.
Бала ата-анасына қайтарылып, 8 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді.