«660 млн теңге: Шерзаттың әкесі айыпталушылардан моральдық шығын талап етті, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Бүгін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Сот барысында жәбірленуші тараптың адвокаттары сотталушылардан жәбірленушілердің пайдасына моральдық және материалдық шығын өндіру туралы өтініш берді.
«1. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне жұмсалған шығын ретінде Абзал Шынасылдан 2 млн 794 мың теңге материалдық шығын өндіру;
2. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;
3. Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;
4. Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;
5. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіру;
6. Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіру;
7. Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіруді сұраймыз», – деді жәбірленушілердің адвокаты.
Жәбірленуші тарап сұраған материалдық және моральдық шығынның жалпы сомасы 662 794 мың теңгені құрап отыр.
Осы талап-арызға байланысты сот үзіліс жариялады.