• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 2 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген

Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген

29.05.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
18
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген, деп хабарлайды kaztoday.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 7 ақпан күні болған. Әдеттегідей сабаққа кеткен 12 жастағы Ұлағат Сейдулла сол күйі үйіне оралмаған. Мектеп басшылығы алғашында тек: «Үзіліс кезінде құлап қалды» деп түсіндірген.

Алайда марқұмның анасы Гүлмира Қошееваның сөзінше, ұлының дені сау болған.

— Маған алғашында балалар ондайға барады деп ойлау қиын болды. Кейін шындықты айтқан. Сыныптасы телефон әкеліп, менің балам оны қалжыңдап ұстап алған. Әлгі бала артынан қуып жетіп, тұншықтыра бастаған. Жібермей қойған. Бұл партада болған. Мұғалім сыныпта болмаған. Балам есінен танғанда, оқушылар су құйып, есікті жауып, ешкімді кіргізбеген. Алдымен медбикені, кейін директордың орынбасарын шақырған. Бірақ тым кеш болған, – дейді анасы.

Анасының сөзінше, мектеп басшылығы алғашында баланың денсаулығына кінәрат болды деп жауап берген. Бірақ сот-медициналық сараптама баланың дені сау екенін растап, өлімнің нақты себебі – тұншығу екенін анықтаған.

— Ұлымды сондай күшпен тұншықтырған, ол өз тілінен тұншығып өлген. Бірде-бір мұғалім кешірім сұраған жоқ. Ешкім. Мен баламнан айырылдым, бірақ ешкім жауапқа тартылмады, – дейді Гүлмира Қошеева.

Оқушының өлімінен кейін мектептен төрт қызметкер жұмыстан кеткен. Директор және бір мұғалім өз еркімен кеткен, ал сынып жетекшісі мен директордың орынбасары кейін қайта жұмысқа тұру үшін кәсіподаққа келген.

— Еңбек инспекциясы жұмыстан шығару туралы бұйрықта заңбұзушылықтар барын көрсетті. Біз құжаттарды құқықтық баға беру үшін білім бөліміне жолдадық, дейді А.Оразбаева атындағы мектептің директорының міндетін атқарушы Өмірсерік Кенжеев.

Қылмыстық іс жабылған. Ал күдікті оқушы 12 жасқа толмағандықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Тек ата-анасына айыппұл салынған. Тергеу материалдарын таратуға тыйым салынған – бұзғандарға жауапкершілік қарастырылған.

Алдыңғы пост

Оралда жезөкшелікті ұйымдастырған 51 жастағы әйел ұсталды

Келесі пост

«660 млн теңге: Шерзаттың әкесі айыпталушылардан моральдық шығын талап етті

Келесі пост
«660 млн теңге: Шерзаттың әкесі айыпталушылардан моральдық шығын талап етті

«660 млн теңге: Шерзаттың әкесі айыпталушылардан моральдық шығын талап етті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Нәтиже жоқ па, қызметінен кетсін»: Депутат әкімдерге 2 ай сынақ мерзімін беруді ұсынды
  • Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жасар баланы қағып кетті
  • 18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен
  • Білім саласындағы «үлкен олжа»: Мектеп бухгалтерлерінің қылмыстық тобы 4,5 миллиард теңгені қалай жымқырды
  • Қапшағай демалыс орнында баланы ток соғып, қайтыс болды

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Нәтиже жоқ па, қызметінен кетсін»: Депутат әкімдерге 2 ай сынақ мерзімін беруді ұсынды

Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жасар баланы қағып кетті

18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен

Білім саласындағы «үлкен олжа»: Мектеп бухгалтерлерінің қылмыстық тобы 4,5 миллиард теңгені қалай жымқырды

Қапшағай демалыс орнында баланы ток соғып, қайтыс болды

2026 жылдан бастап барлық жолдар ақылы болады

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі