Астана әуежайында қауіпсіздікке қатысты қалжыңдаған шетел азаматы 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Kaztoday.kz
Астана халықаралық әуежайында Түркия азаматының орынсыз әзілі құқық қорғау органдарының назарын аудартты. 47 жастағы шетелдік азамат өзімен бірге тыйым салынған заттар барын айтып, жалған ақпарат таратқан.
Полиция мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспаса да, тіркеу процесінің уақытша тоқтауына және жолаушылар арасында дүрлігудің туындауына себеп болған. Нәтижесінде ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Құқық қорғау органдары азаматтарға қауіпсіздік шараларына қатысты әзілдеудің салдары заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді.