Елімізге Украинадан балалар келді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Бұл жөнінде «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мәлімдеген.
«3 маусымда Қазақстанға Украинадан балалар тобы демалу және оңалту үшін келді. Кішкене қонақтарымыздың Қазақстан туралы танымын кеңейту мақсатында оларға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Астанаға көрікті жерлерді аралау бойынша экскурсиялық сапар жоспарланған», – делінген ұйымның баспасөз хабарламасында.
Орталықтың баспасөз қызметінің ақпаратынша, соңғы үш жылда орталықта ТМД елдерінен, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа да мемлекеттерден 700-ден астам бала демалған.