Қазақстанда бет-жүзді жабатын киімге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Сенатта «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілетін өзгерістер талқылануда. Бұл өзгеріс адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейді.
Бұл туралы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында хабарланды.
Тыйым салынуы мүмкін киімдер қатарына маскалар, балаклавалар және адамның бетін жауып тұратын басқа да киім элементтері кіреді.
Дегенмен, кейбір жағдайларда мұндай киімді киюге рұқсат етіледі. Атап айтқанда, медициналық көрсеткіштер бойынша, қызметтік міндеттерді орындау кезінде, спорттық және мәдени шараларға қатысқанда және басқа да кейбір жағдайларда.
Дереккөз: Орда