Келіні көзі көрмейтін енесінің атынан бірнеше кредит алып, төркініне кетіп қалған, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Жамбыл облысында сұмдық оқиға болды. Туған ұлының жары – келін, көзі көрмейтін енесінің атынан бірнеше несие рәсімдеп, артынан ізін суытқан.
Мойынқұм аудандық сотының мәліметінше, келіні енесіне «ЭЦҚ ашып беремін» деп алдап, оның ұялы телефонын иемденеді. Бірақ шын мәнінде, ол енесінің атына онлайн түрде бірнеше несие рәсімдеген. Ең сорақысы — қолына ақшаны түсірген соң, Алматыға кетіп, ізін суытқан.
Сол сәттен бастап мүгедектігі бойынша көру мүмкіндігінен айырылған әйел аяқ астынан 514 мың теңге қарызға батып шыға келеді.
Іс ұзаққа созылмай ашылып, алаяқ келіннің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сот процесі барысында ол өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен татуласқанын айтып, жеңіл жаза сұраған.
Нәтижесінде, Мойынқұм аудандық соты оны ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.