• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 20 августа, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қазақстан түрмелерінде кәсіпорындар ашылмақ

Қазақстан түрмелерінде кәсіпорындар ашылмақ

23.06.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
3
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазақстан түрмелерінде кәсіпорындар ашылмақ, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бұл жөнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы түрмедегі жазасын өтеушілер жөнінде ерекше тоқталды.

«Мемлекет шалыс қадам басқан азаматтан теріс айналмайды, тек оның тура, дұрыс жолға түсуіне жәрдем береді. Өйткені, әділетті елдің соты – әділ, ниеті түзу болуға тиіс. Бірақ рақымшылық жасау дегеніміз, бұл – барлық мәселенің шешімі емес, бір реттік қана шара екенін түсінген жөн. Сондықтан осы бағытта нақты нәтиже болу үшін қылмыстық атқару жүйесін барынша жетілдіру қажет. Негізгі мақсат – сотталған адамды қоғамнан алшақтату емес. Тиісті тәрбие жұмысын жүргізу өте маңызды. Олардың бойына заң мен тәртіп құндылығын сіңіретін және қалыпты өмірге оралуына ықпал ететін озық тәсілдерді енгізу керек. Мәселен, кейбір елде жазасын өтеушілер «қамау мерзімін қысқартуға» мүмкіндік беретін шараларды қолдана алады. Абақтыда ескерту алмаған, жаңа білім игерген, спорттық-мәдени шараларға қатысқан адамдарға осындай жеңілдік беріледі. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, осы мәселені мұқият пысықтауы қажет. Шетелдің озық тәжірибесін зерттеген жөн. Бұл жұмысқа отандық сарапшыларды да тарту қажет, – деген Президент Ақорда таратқан хабарламада.

Түрмедегілерді жұмыспен қамту турасында мемлекет басшысы бірқатар шараларды атап өткен.

Бұл бағытта біраз түйткілдер бар, нақты шаралар қолдану керек. Осы орайда біздің кәсіпкерлеріміз жазасын өтеу мекемелерінің жанынан түрлі кәсіпорын ашу мүмкіндігін қарастыруы керек деп ойлаймын. Мұндай серіктестік шетелде кең тараған. Бұл шараның екі жаққа да тигізер пайдасы мол. Жазасын өтеп жүргендердің тапқан табысы бостандыққа шыққан соң олардың қалыпты өмірге оралуына көмектеседі. Ал өндірісте меңгерген дағдысы жақсы жұмыс табуына жол ашады. Жалпы, бизнес өкілдері қылмыстық-атқару жүйесімен жан-жақты ықпалдастық орнату жолдарын мұқият саралағаны жөн. Мысалы, еліміздегі компанияның бірі өз қаржысын жұмсап, Алматыда кәмелет жасына толмаған құқық бұзушыларға арналған заманауи тәрбиелеу мекемесін салып жатыр. Үкімет мұндай тәсілді белсенді түрде қолдануы керек, басқа компанияларды осындай серіктестікке тарту қажет, – дейді Тоқаев.

Алдыңғы пост

«Жағдайы ауыр»: Астанада пышақ жарақатын алған жасөспірім балалар алаңынан табылған

Келесі пост

«Әйеліне рәсімдеген»: Антикор 2 млрд теңгеден астам заңсыз мүлікті тәркіледі

Келесі пост
«Әйеліне рәсімдеген»: Антикор 2 млрд теңгеден астам заңсыз мүлікті тәркіледі

"Әйеліне рәсімдеген": Антикор 2 млрд теңгеден астам заңсыз мүлікті тәркіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Таза Қазақстан»: Жалағаш ауданында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда
  • Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!
  • 11 миллион 950 мың: Жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан
  • Қазалылық ақын Ақжол Түменбай республикалық байқаудың бас жүлдесін иеленді
  • Абай — дана, Абай — дара қазақта

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жалағаш ауданында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!

11 миллион 950 мың: Жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан

Қазалылық ақын Ақжол Түменбай республикалық байқаудың бас жүлдесін иеленді

Абай — дана, Абай — дара қазақта

Қызылордада «TikTok» арқылы терроризмді насихаттаған әйел ұсталды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі