Астанада пышақ жарақатын алған жасөспірім балалар алаңынан табылды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Бүгін Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде жас қыз пышақ жарақатынан қаза тауып, оның кәмелетке толмаған інісі де ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылы туған жасөспірім арқасынан пышақ жарақатын алып, жедел жәрдем қызметімен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ол жедел хирургия бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.
Оқиғаға қатысты көршілердің айтуынша, пәтерден қатты дауыс естіліп, кейін сол пәтерден пышақталған жас қыздың денесі табылған. Күдікті оқиғадан соң жолында кездескен адамдарға пышақпен шабуыл жасап, марқұмның інісін де жаралаған. Пышақ жарақатын алған жасөспірім балалар алаңынан табылған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.