Астанада Үкімет үйінің маңында жартылай жалаңаш билеген қыз қоғамның наразылығын туғызды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Астананың дәл орталығында орналасқан түнгі клуб террасасында жартылай жалаңаш бойжеткеннің билеген сәті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын туғызды. Қоғамдық тәртіпке қатысты бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары шара қабылдады.
Оқиға 22 маусым күні кешке Үкімет үйінің қарсы бетіндегі түнгі клубтардың бірінде болған. Куәгерлер түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, тұрғындар тарапынан полиция мен әкімдікке шағымдар түсе бастаған.
Осыған байланысты Астана қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, мекеме әкімшілігіне түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 25 АЕК көлемінде (98 300 теңге) айыппұл салынғанын хабарлады.
«Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында нысан басшылығына арнайы ұсыныс жолданды», – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Ал жартылай жалаңаш би билеген бойжеткенге қатысты құқықтық баға беру мәселесі әлі қаралуда.