• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 25 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Электрондық сауданы дамыту — Үкімет назарындағы басым бағыт

Электрондық сауданы дамыту — Үкімет назарындағы басым бағыт

25.06.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
4
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып саналатын электрондық сауданы елімізде дамыту мәселесі Үкіметтің басты назарында.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Электрондық сауда нарығын дамытудың 2027 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын» қабылдады.

Жоспар шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, өңірлерде электрондық сауда бойынша оқу курстарын жүргізу, сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын жүзеге асыру жұмыстары жасалуда.

Жалпы, өңірімізде ресми тіркелген 10 кәсіпорын тауарлар мен қызметтерді интернет-ресурс арқылы өткізуде (оның 5-і ресми сайтпен — «Сулпак», «Технодом», «Мечта», «Альсер», «Еврофарма», қалған 5 кәсіпкер Каспи магазинінде тауарларын ұсынады).

Тауарөндіруші «Асыл дән LTD», «СЗЦ Арал» және «Ақмарал ПК» компаниялары Alibaba.com платформасында «Gold Supplier» (Голд саплайер – Алтын жеткізуші) мәртебесімен тіркеліп, өнімдерін ұсынуда.

Тапсырыстарды сақтау мен жеткізу бағытында аймақта «Қазпошта» желісінің 11 супермаркеті және «Пиндуодо» интернет дүкенінің тарату пункті жұмыс жасауда.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – аэрохабтарды дамыту, әуежайлардың, автомобиль және теміржол магистральдарының инфрақұрылымын жетілдіру.

Биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қызылорда облысында арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешім қабылданды.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағы 550 гектарды құрайды. Қорқыт ата әуежайының қасында орналасады. «Қорқыт Ата» АЭА құрылымында 3 ішкі аймақ қарастырылған.
Олар: өнеркәсіптік аймақ, көтерме-бөлшек сауда, қоймалау және сақтау аймағы және авиацияға қызмет көрсету аймағы.

Бұл өз кезегінде облыста өнеркәсіптің әлеуетін көтеруге,  электронды сауданың дамуына серпін береді.

Облыс әкімдігімен «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы және облыстық кәсіпкерлер палатасының келісімдері негізінде аймақта электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында «Қызылорда облысында электронды сауданы дамытудың 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Жоспарға сәйкес, «Қазпошта» АҚ-ның мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін пошта маркетплейсіне орналастыру, тұтынушыларды ақпараттық қолдау (пошта және курьерлік қызмет, сауда және интернет эквайринг, жеңілдетілген экспорт және кедендік декларациялау, фулфилмент, жөнелтімдерді сақтандыру, интернет-банкинг), түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 наурызында Жаңақорған және Шиелі аудандарында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облыстық «Қазпошта» филиалы, «Байқоңыр» ӘӘК» АҚ бірлесіп, кәсіпкерлерге электронды сауда негіздері бойынша оқу курсын ұйымдастырды. Оқыту барысында екі ауданнан жалпы саны 80-ге жуық кәсіпкерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Электрондық сауданы одан әрі дамыту бағытында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап онлайн платформалары арқылы оқытулар ұйымдастырылып, облыс бойынша 70-ке жуық ниет білдірген кәсіпкерлер оқу барысында қажетті ақпарат алуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жыл басынан бері жеке тұлғалардан электронды саудадағы тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған 11 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, 3 өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 8 өтініш бойынша алдау фактісі байқалғанына байланысты тиісті құқық қорғау органдарына жолданған.

Сондықтан электронды сауданы жүргізіп отырған кәсіпкерлер тұтынушыларға ұсынылатын тауарының сапасына мән беріп, жауапкершлікпен қарауы қажет.

Алдыңғы пост

Алматыда 3 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлады

Келесі пост

Қазақстанның 12 облысында құрғақшылық күтіледі

Келесі пост
Қазақстанның 12 облысында құрғақшылық күтіледі

Қазақстанның 12 облысында құрғақшылық күтіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті
  • Қызылордалық полицейлер балаларды ойын арқылы киберқауіпсіздікке үйретуде
  • Блогер: «Ажырасқан әйелдерге еркек жын ғашық болып қалады»
  • Қазақстанда екі айдан кейін мобильді аударымдар «жаңа әдіспен» тексеріле бастайды
  • Қазақстанның 12 облысында құрғақшылық күтіледі

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті

Қызылордалық полицейлер балаларды ойын арқылы киберқауіпсіздікке үйретуде

Блогер: «Ажырасқан әйелдерге еркек жын ғашық болып қалады»

Қазақстанда екі айдан кейін мобильді аударымдар «жаңа әдіспен» тексеріле бастайды

Қазақстанның 12 облысында құрғақшылық күтіледі

Электрондық сауданы дамыту — Үкімет назарындағы басым бағыт

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі