• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 26 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Ішкі істер министрлігі блогерлерге ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі блогерлерге ескерту жасады

26.06.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
11
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Соңғы уақытта интернетте қауіпті пранк пен экстремалды контент көбейіп барады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарға ресми үндеу жасады, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің сөзінше, мұндай ойындар мен қауіпті трюктер әлеуметтік желілерде «хайп» үшін жасалуда.

Өкінішке қарай, «лайк пен қаралым үшін жарыс» әзіл-қалжың мен дұрыс көңіл көтерудің шеңберінен шығып кетуде. Авторлар ешкімге зиян келтірмейтін контенттің орнына агрессия, арандату, зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатыр. Мұндай әрекеттер жалпыға қауіпті және қоғамдық тәртіпті бұзады. Жыл басынан бері осындай деректер бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ол.

Алекешев нақты мысалдар келтіріп, мұндай әрекеттердің салдарына назар аударды.

«Астанада блогерлер лифт ішінде «мәйіт» тасып және балтамен шабуыл жасап, видео түсірген. Бұл видео жолаушылардың үрейін ұшырып, қатты қорқыныш тудырды. Аталған қатыгез пранктің барлық қатысушылары 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Алматы облысында экстремалды видео түсіру кезінде жас жігіт келе жатқан көліктің үстінен секірмек болды. Өкінішке қарай, бұл әрекет қайғымен аяқталды — ол ауыр жарақат алып, көз жұмды. Мұндай әзілдер қауіпті ғана емес, сонымен қатар әдеп нормаларына сәйкес келмейді, қоғамдық тәртіпті бұзып, қауіпсіздікке қол сұғып, орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Бұл көріністердің куәгерлері көбіне шок алып, күйзеліске ұшырайды. Ал орындаушылар өз өмірлерін қатерге тігеді», – деді ІІМ өкілі.

Министрлік пранк жасаушыларға нақты ескерту жасады.

«Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіретін, сондай-ақ адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатыгез пранктер мен қауіпті трюктер — бұл өнер емес, бұл — заң бұзушылық. Біз осындай контент авторларына үндеу жолдаймыз: Күмәнді көріністі түсірмес бұрын немесе оған қатыспас бұрын салдарын ой елегінен өткізіңіз; Өмірде де, интернетте де өзгелердің сезімін, қауіпсіздігін және жеке шекарасын құрметтеңіз. Заңды сақтаңыздар және құқықтық жауапкершілікке әкелетін әрекеттерге бармаңыздар», – деді департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Алдыңғы пост

Экология министрлігі 800 мың киікті атуға шешім қабылдады

Келесі пост

Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады

Келесі пост
Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады

Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • СҚО-да кәсіпорын аумағында жарылыс болды, зардап шеккендер бар
  • Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады
  • Ішкі істер министрлігі блогерлерге ескерту жасады
  • Экология министрлігі 800 мың киікті атуға шешім қабылдады
  • Журналистерді «жынға» теңеген Жұманғарин сынға қалды

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да кәсіпорын аумағында жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады

Ішкі істер министрлігі блогерлерге ескерту жасады

Экология министрлігі 800 мың киікті атуға шешім қабылдады

Журналистерді «жынға» теңеген Жұманғарин сынға қалды

Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі