• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 3 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрмесі өтті

«Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрмесі өтті

03.07.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу
Бүгін «Өнер орталығында» «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме байқауы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
Аймақ басшысы конкурсқа қатысушыларды құттықтап, өңірдің өңдеу өнеркәсібі саласындағы жұмыстарға тоқталды.
«Соңғы жылдары Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібі 18,2%-ға артып, өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 21%-дан асты. Жылына 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда. Бүгінде 65 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды. Мұнда 121 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттардан бастап, жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік субсидиялар беру арқылы инвестициялық, қаржылық, инфрақұрылымдық қолдау көрсетілуде. Биыл жеке кәсіпкерлікті қолдаудың барлық көзінен 30 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылды.
Мемлекет басшымыз экономиканың нақты секторын кедергісіз несиелендіру мақсатында бизнес субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейтін заңнамалық актіге қол қойды. Бұл – кәсіпкерлерге үлкен қолдау! Енді бизнес өкілдерінің екінші деңгейдегі банктерге кепіл ұсыну мүмкіндігі болмаса, оған арнайы кепілдік қорының қаржыландыруы арқылы қол жеткізе алады.
Баршаңызды алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай еңбек етуге, мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырамыз. Аймақтық конкурстың жеңімпаздары республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрініп, Сыр өңірінің мерейін үстем етеді деп сенеміз!», – деді Н.Нәлібаев.
Байқауға экономиканың түрлі саласынан 67 тауар өндіруші қатысты. Сарапшылардың бағалауы бойынша 9 жеңімпаз іріктеліп, марапат иелеріне ноутбук сыйға берілді.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша тыңайтқыш өндірісі саласындағы «Агрохимсервис», цемент өндірісіндегі «Компания Гежуба Шиелі Цемент» және шыны өнімдерін шығаратын «Орда Гласс ЛТД» серіктестіктері жеңімпаз атанды.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Асыл дән LTD», «Таң LTD» күріш өндіруші серіктестіктері, «Әль Баракат Дистрюбишн» жартылай фабрикат өндіруші серіктестігі марапатқа ие болды.
«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын «Панабек», «Сыр жиһазы KZ», «Арт-групп Сервис» серіктестіктері жеңіп алды.
Салтанатты шарада Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетұлы, Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Алдыңғы пост

«Оңтүстіктің қыздары тұрмысқа үй қызметшісі болу үшін шығады» — блогер

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрмесі өтті
  • «Оңтүстіктің қыздары тұрмысқа үй қызметшісі болу үшін шығады» — блогер
  • Нәресте «саудасына» байланысты сот шешімі жарияланды
  • Танысының денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған
  • Елімізде 25 мың қызметкердің жалақысы өседі

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрмесі өтті

«Оңтүстіктің қыздары тұрмысқа үй қызметшісі болу үшін шығады» — блогер

Нәресте «саудасына» байланысты сот шешімі жарияланды

Танысының денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған

Елімізде 25 мың қызметкердің жалақысы өседі

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі