• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 18 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді

Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді

18.07.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін Сыр еліне Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Сапардың мақсаты – өңіраралық әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасужәне өзара тиімді байланыстар орнату.
Қонақтарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қабылдады. Кездесуде тараптар әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша пікір алмасып, бірлескенжобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Сапар аясында делегация өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалармен танысты. Ең алдымен жаңғыртудан өткен қаланың орталық алаңын аралап көрді. Тұрғындар көп жиналатын бұл орынға заманауи субұрқақтар орнатылып, көпжылдық жасыл желектер мен газондар егілген. Шағын архитектуралық формалар, жаңа үлгідегі орындықтар мен жарықшамдар, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңы қойылған.
Әрі қарай жамбылдықтар қалалық демалыс саябағына барып, «Қызылорда Саз М» ЖШС жаңа кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Жақында ашылған өндіріс орнына мемлекеттік қолдау ретінде 7 гектар жер телімі берілген. Зауыттың басты ерекшелігі – толық автоматтандырылған өндіріс процесі және экологиялық тиімділігі. Мұнда көмір қолданылмайды, яғни ауаныластамайды. Жылына 90 миллион дана кірпішөндіруге қауқарлы кәсіпорын толық қуатыменжұмыс істеген кезде 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
Делегация мүшелері жаңа жылу-электр орталығының құрылысын, қайта жаңғыртудан өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы мен Сырдария өзенінің жағалауын аралап көрді. Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықтағы 6,7 шақырым жол толық жаңартылып, бұрынғы екі жолақты жол төрт жолаққа кеңейтілген. Ені 14 метрге жеткен жаңа жол бойында балалар ойын алаңдары мен спорттық құрал-жабдықтар орнатылып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырылған.
Жамбылдық делегация Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 11 мың орындық стадионды, физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернатын да көрді. Білім ордасы 400 оқушыға арналған, заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған. Мұнда зертханалар, робототехника және STEAM кабинеттері бар, олар оқушыларға ғылыми және техникалық дағдыларды терең меңгеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, физика, математика және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
Қонақтарға жаңа автовокзал, тарихи-өлкетану музейі, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Анаға тағзым», “Қорқыт ата” әуежайы, Президент саябағы,арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, онкология,еңбек мобильділігі орталықтары, бірқатар емдеу мекемесінің жұмыс барысы да таныстырылды.
Сапар аясында екі өңірдің сала мамандары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, отбасы институтын нығайту және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиында әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, осал топтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және еңбек нарығындағы тиімді тәжірибелерді бөлісу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысымен екі тарап алдағы уақытта да өзара тығыз байланыс орнатып, нәтижелі жұмыстар жүргізуге ниетті екенін білдірді.
Tags: ЖамбылҚызылорда
Алдыңғы пост

Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз

Келесі пост

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Келесі пост
Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?
  • Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді
  • Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  • Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
  • Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді

Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

«Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі