• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 24 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

24.07.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
3
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазалы стансасындағы теміржол вокзалы – тарих пен тіршіліктің тоғысқан тұсы. ХХ ғасырдың басында іргетасы қаланған бұл сәулет нысаны тек көлік қатынасының емес, өңір өркениетінің де айнасы саналады. Алаштың өткенін көз алдыға әкелетін бұл ғимарат 1980 жылы «Казпроектреставрация» институтының қорғауына алынған еді. Содан бері талай мәрте жаңарып, жаңғырып келеді.

Аңызға бергісіз әңгімелерге қарағанда, вокзалдың іргесі алыстағы Ақирек тауынан әкеп қашалған тастардан қаланған. Әр тасы нөмірленіп, түйе керуенімен жеткізіліпті. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен өріліп, төбесі мырышпен жабылған бұл ғимарат бір ғасырдан астам уақыт бойы Қазалының теміржол тарихымен бірге жасасып келеді.

2013 жылы вокзалға алғашқы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, биыл сәуір айынан бастап жаңа кезеңдегі жаңғырту басталды. Себеп – тоғыз жолдың торабындағы жолаушы ағымына жайлы жағдай жасау, тарих пен замана талабын ұштастыру.

Қазіргі таңда вокзалдың іргетасын бекіту, шатырын толықтай жаңарту, есік-терезелерін ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен бірге заманауи стандарттарға сай келетін күту залдары, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылым, қауіпсіздік жүйелері мен сыртқы абаттандыру жұмыстары да қатар қолға алынған. Вокзал алдындағы алаңға брусчатка төселіп, жасыл желекпен көмкеріледі.

Бұл ауқымды жұмыстарды «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен «Бақ Береке» серіктестігі жүзеге асыруда. Ал жолаушылардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысы үшін теміржол үстінен өтетін жаңа жаяу жүргіншілер көпірі де бой көтеруде. Көпір құрылысын «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС атқарып жатыр.

Жақында Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Зинабдинұлы вокзалға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ол вокзалдың сырт келбетінің, тазалығы мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының өңір беделіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, мердігер мекемелерге жұмыс барысын жүйелі жүргізіп, жыл соңына дейін сапалы әрі мерзімінде аяқтауды қатаң тапсырды.

Тарихы терең, болашағы жарқын Қазалы вокзалы – теміржол торабы ғана емес, елдің өткені мен ертеңін жалғаған алтын арқау. Бүгінгі қайта жаңғыру – сол алтын арқауды жаңа ғасырмен жалғайтын жаңаша қадам.

Алдыңғы пост

Қазалыда елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Келесі пост

Көпір құрылысы қайта жанданды

Келесі пост
Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Көпір құрылысы қайта жанданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қызылордада жас мамандардың республикалық слеті өтті
  • Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда
  • Көпір құрылысы қайта жанданды
  • Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы
  • Қазалыда елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жас мамандардың республикалық слеті өтті

Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда

Көпір құрылысы қайта жанданды

Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Қазалыда елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі