Қызылордада «TikTok» арқылы терроризмді насихаттаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру кезінде деструктивті діни ағым өкілін ұстады.
Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.