1 қыркүйекке қараған түні қуатты жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанда көп құтқарушы әйелдерге емес, ер адамдарға ғана көмектескен. Бұл жөнінде The New York Times жазды.
Басылымның айтуынша, Ауғанстан билігінде отырған радикалды «Талибан» қозғалысы ерлердің бөтен әйелдермен сөйлесуіне қатаң шектеу қойған. Олар бір-бірінің денесіне қол тигізе алмайды.
Басылымның жазуынша, соның нәтижесінде құтқарушылардың басым бөлігі ерлер болғандықтан көп әйел медициналық көмек ала алмаған, кейбірі үйіндіден сол күйі шыға алмай, жан тапсырған.