16 қыркүйекте бала тәрбиесіне қатысты заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұдан былай өз міндетін дұрыс орындамаған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Негізгі өзгерістер:
▪️ 1 000 АЕК (2025 жылы 3 932 000 теңге) айыппұл салынады;
▪️600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмысқа тартылады;
▪️қатыгездік танытқаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады;
▪️бірнеше балаға қатысты жасалған әрекет үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Айта кетері, бұл заң тәрбиешілерге және балалармен жұмыс істейтін басқа да мекемелердің жұмыскерлеріне қатысты.