Мәжілістің Пленарлық отырысында депутат Мұрат Әбенов «Банк қызметі туралы» жаңа заң жобасын талқылап, онлайн алаяқтық несие мәселесін қайта көтерді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда алаяқтар арқылы рәсімделген несиелердің көбеюіне банктердің өздері жол беріп отыр.
Алаяқтық несие неге тоқтамай тұр?
Соңғы жылдары цифрлық қызметтер дамығанымен, қауіпсіздік талаптары сол деңгейде күшейген жоқ.
Нәтижесінде:
Онлайн алаяқтық 26% өскен,
Ал банк арқылы жасалған алаяқтық 2,2 есе артқан.
Депутаттың жеке қабылдауына соңғы екі аптада 300-ден астам шағым түскен.
Көпшілігі:
✅ Банкіге бармаған
✅ Қағаз келісімге қол қоймаған
✅ Биометрияға рұқсат бермеген
✅ Табыс деңгейі несие алуға сәйкес келмейді
Соған қарамастан, олардың атына несие рәсімделіп кеткен.
Әбенов енгізген маңызды өзгерістердің кейбірі:
1. Онлайн несие тек биометрия арқылы беріледі;
2. Биометрия расталмаса – несие банк есебінен жойылады;
3. Әр несиеге 24 сағат “салқындату” мерзімі енгізілді;
4. Зейнеткерлер мен 21 жасқа дейінгілер онлайн несиеге тек eGov арқылы келісім бергенде ғана қол жеткізе алады;
5. «Дроперлер» енді куәгер емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлға болып қарастырылады.
Дегенмен, бұл шаралар да жеткіліксіз.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі көбіне банктерді қорғайтыны айтылды.
Жаңа заңға ұсынылып отырған қосымша өзгерістер:
Депутаттар 10 бағыт бойынша 28 түзету енгізуді ұсынады:
Онлайн несие алу үшін алдымен банкке барып келісімге қол қою міндетті болу керек;
Барлық биометрия мен ЭЦҚ тек eGov арқылы расталсын;
Табысы жеткіліксіз адамға несие рәсімделсе – банк өзі жауап берсін;
Бірнеше несие бір уақытта берілмеуі тиіс;
Әр төлем кезінде биометриялық растау қолданылуы қажет;
Егер алаяқтар несие рәсімдесе – жәбірленуші азамат емес, банк өзі сотқа жүгінуі керек.
«Халық шаршады. Банктер жауапкершіліктен жалтармауы тиіс»
Мұрат Әбеновтың айтуынша, халықтың сенімі төмендеп барады.
Қарапайым азамат қаржы жүйесінің құрбаны болмауы керек.
> «Мемлекеттік органдар банктерді емес, азаматтарды қорғауы қажет. Бұл өзгерісті кейінге қалдыруға болмайды», – деді депутат.
