• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 10 ноября, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экономика
Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді

Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді

10.11.2025
айдар: Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
3
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірдегі бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысып, Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берген болатын. Сапар барысында облыс тұрғындары ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айрықша қолдайтындарын жеткізді.

Сыр өңірі әрдайым мемлекет саясатындағы жаңғыру мен реформаларға сергек үн қатып келеді. Бүгінде аймақтағы инфрақұрылымдық жобалар, ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы бастамалар нақты нәтижелерін беруде. Бұл – Мемлекет басшысының өңірге көрсеткен қолдауы мен қамқорлығының айқын көрінісі.

Президенттің жергілікті қауымдастықпен кездесуінде айтқан су мәселесін шешу, жастар тәрбиесін назарда ұстау, цифрлық өрлеу, жасанды интеллект дәуіріне бейімделу жөніндегі ой-тұжырымдары аймақ тұрғындарына ерекше әсер етті. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхананы Қызылордада салу жөніндегі ұсынысы халық тарапынан зор қуанышпен қабылданды.

Мемлекет басшысының:
«Облыс жақсы дамып келеді. Қарқыны жоғары» – деген әділ бағасы өңір тұрғындары үшін үлкен серпіліс болды. Бұл сөздер Сыр елінің ынтымағы мен бірлігінің, еңбекқорлығы мен табандылығының қадірін айқын көрсетті.

Сапардан кейін қызылордалықтар Президентке арнайы алғыс хат жолдады. Онда:
«Барша Сыр жұртшылығы атынан Сізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Әділетті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру жолындағы бастамаларыңызды толықтай қолдаймыз. Тәуелсіз елдің өсіп-өркендеуі жолындағы тарихи миссияңызға мол табыс, мықты денсаулық және қажымас қайрат тілейміз», – делінген.

Алғыс хатына өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, әйелдер кеңесі, қоғамдық ұйымдар мен жастар қол қойды. Бұл – Қызылорда халқының ел болашағына деген сенімі мен бірлігінің белгісі.

Алдыңғы пост

ЗАҢ АЗАМАТТЫ ҚОРҒАУЫ ТИІС, БАНКТІ ЕМЕС

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді
  • ЗАҢ АЗАМАТТЫ ҚОРҒАУЫ ТИІС, БАНКТІ ЕМЕС
  • Дәрігерлердің қырағылығы бала өмірін сақтап қалды
  • Қазалыда «Қалқан – 2025» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының қорытынды шарасы өтті
  • ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ – «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ШАРАСЫНДА «ОЗАТ АУДАН» АТАНДЫ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді

ЗАҢ АЗАМАТТЫ ҚОРҒАУЫ ТИІС, БАНКТІ ЕМЕС

Дәрігерлердің қырағылығы бала өмірін сақтап қалды

Қазалыда «Қалқан – 2025» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының қорытынды шарасы өтті

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ – «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ШАРАСЫНДА «ОЗАТ АУДАН» АТАНДЫ

ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ — ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН ЕЛІМІЗДЕГІ БІРДЕН БІР ОҚУ ОРНЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі