Қырғызстанда мас күйінде көлік басқарғаны үшін жоғары білім және ғылым министрі Орозов Бактияр Сайпидинович қызметінен босатылды. Ол мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлерге қойылатын этика талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылды.
Бұл туралы Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Аталған министр бұл қызметке небәрі 7 ай бұрын — 2025 жылғы 15 мамырда тағайындалған болатын.
Қоғамда бұл жағдайға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Кейбір азаматтар оның жас екенін ескеріп, алдымен сот шешімін және тәртіптік комиссияның қорытындысын күту қажет еді деген ой білдірді. Алайда билік өкілдері заң мен мемлекеттік қызмет этикасы бәріне бірдей қолданылатынын атап өтті.
