Осы дерек негізінде құқық қорғау органдары рейдтік іс-шаралар өткізді.
Прокуратура органдарының үйлестіруімен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде аталған түнгі клуб аумағынан көлемі 10 литр болатын 4 газ баллоны, сондай-ақ полиэтилен пакетке салынған 6 шар тәркіленді.
Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін тексеру жұмыстары басталды.
Құқық қорғау органдары азаматтарды денсаулыққа қауіпті заттардың заңсыз айналымынан сақ болуға және күмәнді жағдайлар туралы дереу хабарлауға шақырады.

