Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Ақтөбе – Орск автожолында болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
